DAZN басшысы Головкин мен «Канело» арасындағы кезекті айқастың қашан өтетінін айтты

DAZN басшысы Головкин мен «Канело» арасындағы кезекті айқастың қашан өтетінін айтты

Matchroom Boxing промоутері және DAZN платформасының басшысы Эдди Хирн Геннадий Головкин (40-1-1, 35 КО) мен Сауль Альварес (53-1-2, 36 КО) жекпе-жегін таяу болашақта қалай көретінін айтты, деп хабарлайды Sports.kz.

Хирннің ойынша, Головкин тамызда IBF титулына міндетті үміткер поляк Камил Шереметпен (21-0, 5 КО), ал «Канело» өз кезегінде қыркүйекте суперорта салмақтағы британдық WBO чемпионы Билли Джо Сондерспен (29-0, 14 КО) кездесуі керек. 

Егер Головкин де, «Канело» да жеңсе, олардың трилогиясы желтоқсанда өтуі тиіс.