Ақтөбе облысының Хромтау қаласында полицей күйеу баласын өлтіруге оқталғаны үшін 10 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды ult.kz.
«Сот сотталушыны ҚР Қылмыстық кодексінің 24-бабының 2-бөлігі және 99-бабының 1-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танып, оған 10 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады», – делінген сот шешімінде.
«Диапазон» басылымының мәліметінше, 32 жастағы учаскелік полиция инспекторының көмекшісі бас қосу кезінде өзінің күйеу баласына қызметтік Макаров тапаншасынан оқ атқан. Жанжалға ер адамның әйелін ұрғаны туралы айтқан сөзі себеп болған.
Жәбірленуші кеуде және іш тұсынан оқ жарақатын алып, жансақтау бөліміне жатқызылған. Қызметтік қарудан төртінші рет оқ атылған кезде қару кептеліп қалып, содан кейін атыс тоқтаған.
Басылымның жазуынша, оқиға болған кезде сотталушы қызметке шығуы тиіс болған. Сот оны адам өлтіруге оқталғаны үшін кінәлі деп танып, 10 жылға бас бостандығынан айырды.