Freedom Inside '26

«Дәрігерлер егіз деді»: Ерке Есмахан күтпеген құпияны ашты

«Дәрігерлер егіз деді»: Ерке Есмахан күтпеген құпияны ашты
ашық дереккөз

Қазақстандық әнші Ерке Есмахан әлеуметтік желідегі парақшасында көпшілікке бұрын айтпаған отбасылық құпиясымен бөлісті. Өнер иесі кенже ұлы Батырға аяғы ауыр кезде бастапқыда егіз бала күткенін мәлімдеді, деп хабарлайды ult.kz.

Әншінің айтуынша, ұлы Ислам дүниеге келгеннен кейін шамамен 10 ай өткен соң қайтадан жүкті болғанын білген. Алғашқы ультрадыбыстық тексеру кезінде дәрігерлер оның құрсағында екі сәби бар екенін айтқан.

«Бірінші УДЗ-ге барғанда дәрігерлер “егіз” деп айтты. Құрсағыма екі сәби біткен екен», – деп жазды Ерке Есмахан.

Кейін алғашқы скрининг барысында дәрігерлер егіздердің бірінің жүрек соғысы тоқтағанын, ал екіншісінің қалыпты дамып жатқанын хабарлаған. Екінші скринингте де тірі қалған нәрестенің денсаулығы жақсы екені анықталған.

«Уақыт өте келе бірінші скринингке барғанда “егіздердің бірінің жүрек қағысы жоқ, екіншісі жақсы дамып жатыр” деді дәрігерлер. Екінші скринингте де Батырдың дені сау, қалыпты өсіп жатқанын білдік», – деп еске алды әнші.

Нәтижесінде тоғыз айдан кейін Батыр дүниеге келген. Ерке Есмахан ұлының бүгінде бір жасқа толғанын айтып, оның денсаулығы жақсы екенін жеткізді.

«Батыр баламыз бүгін 1-ге келіп, былдырлап сөйлеп, шиқылдап күліп, бізді қуанышқа бөлеп өсіп келе жатыр. Дені сап-сау, Аллаға сансыз шүкір», – деп жазды ол.

Өнер иесі жүктілік кезеңінің жеңіл өткенін де атап өтті. Оның сөзінше, Батыр 3 келі 800 грамм салмақпен дүниеге келген. Оқырмандар эко арқылы сәби көтергенін болжағанда, әнші мұны жоққа шығарып "Эко емес, Райм сделал" деп жауап берген.

Еске салайық, Ерке Есмахан мен RaiM жұбы ұлдарына Батыр есімін қойған. Әнші бұған дейін үшінші сәбиі дүниеге келгенін әлеуметтік желі арқылы хабарлаған болатын.