БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі Украинадағы жағдайды талқыламақ

БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі Украинадағы жағдайды талқыламақ


АҚШ бүгін Украинадағы шиеленісті жағдайды талқылау үшін БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізеді деп күтілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат Euronews агенттігіне сілтеме жасап.

АҚШ-тың БҰҰ-дағы тұрақты өкілі Линда Томас-Гринфилд Ресей әскерінің Украина маңына шоғырлануына қатысты нақты жауап алғысы келетінін айтты. 

Батыс елдері Украинаға қолдан келгенше көмектесіп бағуда. 

Ресейдің Сыртқы істер министрлігі Америка Құрама Штаттары мен НАТО-ны әскери және саяси мақсатта Украинаны Ресейдің шекара аумақтарында шиеленіс тудыруда пайдаланды деп айыптайды. 

«Біз әлемнің кез келген елі сияқты АҚШ-пен жақсы, тіпті өзара сыйластық, тең қарым-қатынасты қалаймыз. Бұл туралы Ресей Президенті Владимир Путин АҚШ Президенті Джо Байденге айтты. Тіпті, 2021 жылғы маусымда Женевада өткен кездесуінде де дәл осындай мәлімдеме жасады», – деді Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрі Сергей Лавров. 

Ресей АҚШ пен НАТО-дан әскери альянсты шығысқа қарай кеңейтпеу кепілдігін талап етті. Бірақ олар талапты орындаған жоқ.