Қазақстанның бірқатар өңірінде аптап ыстыққа байланысты дауылды ескерту жарияланды. Бүгін еліміздің ірі қалаларында ауа температурасы +39°C-қа дейін көтеріледі, деп хабарлайды ult.kz.
Астанада күн ала бұлтты болады, жауын-шашын күтілмейді. Желдің жылдамдығы секундына 5-10 метрге жетеді. Түнде ауа температурасы +18...+20°C, күндіз +34...+36°C болады.
Алматыда да күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы болжанады. Жел 3-8 м/с жылдамдықпен соғады. Түнде ауа температурасы +23...+25°C, күндіз +33...+35°C шамасында болады.
Шымкентте күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Желдің жылдамдығы 8-13 м/с болады. Түнде +23...+25°C, күндіз ауа температурасы +37...+39°C-қа дейін көтеріледі.
Синоптиктер тұрғындарға аптап ыстық кезінде сақтық шараларын сақтауды ескертеді.