Brent мұнайының бағасы сегіз жылдан бері алғаш рет 89 доллардан асты

Brent мұнайының бағасы сегіз жылдан бері алғаш рет 89 доллардан асты


2022 жылдың наурызында жеткізілетін Brent маркалы мұнай фьючерсінің құны лондондық ICE биржасында 1,73%-ға өсіп, барреліне 89,02 долларға жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Бұған сәрсенбі күні Мәскеу уақытымен 04:48-де сауда алаңындағы деректер дәлел. 

Соңғы рет Brent маркалы мұнай бағасы 2014 жылдың қазанында барреліне 89 доллардан асқан.

Мәскеу уақытымен 04:53-те Brent маркалы мұнай бағасы барреліне 88,95 доллар (+1,65%) болған.

WTI-дегі фьючерс 1,71%-ға қымбаттап, барреліне 86,89 доллар болды.