Анджелина Джоли мен Брэд Питттің үлкен ұлы Мэддокс әкесінің тегін ресми түрде алып тастады. Лос-Анджелес соты 25 жастағы жігіттің өтінішін қанағаттандырып, оның есімін Мэддокс Чиван Джоли деп бекітті, деп хабарлайды ult.kz.
People басылымының мәліметінше, Мэддокс тегін өзгерту туралы өтінішті мамыр айында берген. Ол себеп ретінде «жеке жағдайларды» көрсеткен. Бұған дейін де ол анасының киножобаларында және фильм титрлерінде Джоли тегін қолданып келген.
Мэддокс - Брэд Питттен заңды түрде алшақтаған Джолидің алғашқы баласы емес. Оның қарындасы Шайло 2024 жылы кәмелетке толғаннан кейін әкесінің тегінен бас тартқан. Ал Захара мен Вивьен де Питт тегін алып тастауға қатысты заңды қадамдар жасаған.
Джоли мен Питт сот шешіміне әзірге пікір білдірмеді.