Бразилия президентінің әйелі коронавирус жұқтырды

Бразилия президентінің әйелі коронавирус жұқтырды

Бразилия президентінің әйелі Болсонару Мишельдің коронавирус жұқтырғаны анықталды, деп хабарлайды  Reuters агенттігі.

Оның коронавирусқа тапсырған тесті оң нәтиже көрсеткен. 

«Бейсенбі күні Мишель Болсонарудың COVID-19 тест қорытындысы оң нәтиже көрсетті. Ол өзін жайлы сезінеді және тиісті хаттамаға сәйкес ем қабылдауда», - делінген хабарламада. 

Еске сала кетсек, 7 шілде күні Бразилияның президенті Жаир Болсонарудың коронавирус жұқтырғаны анықтады. Екінші талдау да президентте коронавирус бар екенін көрсетті .