8 тамыз кешінде Батыс Қазақстан облысының Теректі ауданында Орал — Қаратөбе бағытында қатынайтын рейстік автобус қозғалыс кезінде өртенді, деп хабарлайды ult.kz.
Оқиға Самара — Шымкент тасжолында, Шалқар көліне бұрылатын маңда болған. Автобустың ішінде 37 жолаушы болған.
Жолаушылардың барлығы автобустан өздігінен эвакуацияланып үлгерген. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.
БҚО ТЖД мәліметінше, өртті сөндіруге 8 қызметкер мен 2 арнайы техника жұмылдырылып, тілсіз жау толықтай жойылған. Оқиғаның нақты себебі әзірге хабарланған жоқ.