Блогер Аружан Әбілова орамалын шешкенін айтты

Блогер Аружан Әбілова орамалын шешкенін айтты
Коллаж: ult.kz

Instagram желісінде 1,3 миллион оқырманы бар блогер Аружан Әбілова орамал тағуды тоқтатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды ult.kz.

Блогер бұл шешімге бірден келмегенін айтып, соңғы бір жыл бойы осы мәселе туралы көп ойланғанын жеткізді. Оның сөзінше, бұл кезеңде ішкі толғанысты бастан өткерген.

«Иә, көріп тұрғандарыңыздай, мен енді орамалда емеспін. Соңғы бір жыл бойы осы ойлармен арпалысып жүріп, ақыры бұл күресте жеңілдім. Ақталғым келмейді. Барлығымыз да қателігі мен күнәсі қатар жүретін пендеміз», – деп жазды ол.

Сонымен бірге Аружан Әбілова болашақта қайтадан орамал тағуға ниетті екенін атап өтті.

«Алла қайтадан орамалға оралуымды нәсіп етсін», – деді блогер.

Оның бұл мәлімдемесі әлеуметтік желіде қызу талқыланып, оқырмандары түрлі пікір білдірді.