Бітіру кешін дүркіретіп өткізген «IQanat» мектебіне айыппұл салынды

Бітіру кешін дүркіретіп өткізген «IQanat» мектебіне айыппұл салынды


Ақмола облысының Щучье қаласындағы «Айқанат» білім беру мекемесінде шектеу талаптарының бұзылғандығы анықталды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, 2021 жылғы маусымның 14-де Щучье қаласының «Айқанат» білім беру мекемесінде көпшіліктің жиналуымен мектеп бітіру кеші салтанатты шарасы өтті. 

«Шара коронавирус инфекциясының таралу қаупінің алдын алу бойынша санитарлық-эпидемияға қарсы, санитарлық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды бұза отырып өткізілді. Осы жағдайға байланысты Бурабай аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы Бурабай ауданының полиция бөлімінің рапорты негізінде Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 802 бабы 2-ші бөлігі 1-ші бөлімшесі бойынша «Айқанат» білім беру мекемесіне қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық кодексі 425 бабының 1-ші бөлігі бойынша 230 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде (670910 теңге) әкімшілік құқық бұзушылық хаттамасын толтырылды», - деді ведомстводан.