Петропавлда колледждің сегіз студентінен терінің зең инфекциясына күдік анықталды. Олардың барлығы Мағжан Жұмабаев атындағы жоғары колледж жатақханасының бір қабатында тұрған, деп хабарлайды ult.kz.
25 қыркүйекте студенттерге «дене дерматофитиясы» алдын ала диагнозы қойылған. Қазір олардың барлығы ауруханада жатыр.
Мамандар инфекцияның көзін және таралу жолын анықтап жатыр. Студенттердің бөлмелері көрші орналасқан, араларында тығыз тұрмыстық байланыс болған.
Жатақхана мен колледжде дезинфекция жүргізілді. Науқастармен байланыста болған студенттер медициналық бақылауға алынады.
Әзірге инфекцияның нақты көзі анықталған жоқ. Зерттеу жалғасып жатыр.