Freedom Inside '26

«Бір отбасының үш келіні»: Алматыда ұйымдасқан қалта ұрылары қолға түсті

«Бір отбасының үш келіні»: Алматыда ұйымдасқан қалта ұрылары қолға түсті
QH

Алматыда қалта ұрлығымен айналысты деген күдікпен бір отбасының үш келіні ұсталды. Полицияның мәліметінше, олардың барлығы сыған ұлтының өкілдерінен құралған отбасылық топтың мүшелері болған, деп хабарлайды ult.kz.

Алматы қалалық полиция департаментінің хабарлауынша, қылмыстық схеманың үшінші қатысушысы да қолға түсіп, қазіргі таңда күдіктілердің үшеуі де қамауға алынған.

Тергеу барысында әйелдердің өзара рөлдерді алдын ала бөлісіп, адам көп жиналатын орындарда әрекет еткені анықталған. Олар негізінен базарларда, қоғамдық көліктерде және халық көп шоғырланатын жерлерде ұялы телефондар, ақша мен алтын бұйымдарды қолды қылған.

Полицейлердің айтуынша, жедел-іздестіру шаралары барысында қылмыстық топтың барлық мүшелері кезең-кезеңімен анықталып, дәлелдемелер жиналған.

Алдын ала мәлімет бойынша, күдіктілер Алматы қаласында жасалған ондаған мүліктік қылмысқа қатысы болуы мүмкін. Қазір сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасып жатыр. Сондай-ақ олардың осыған ұқсас өзге де қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.