Жуырда BI Group құрылыс холдингінің 160 қызметкері Парижге барып, компания ұйымдастырған сапардан оралды. Бұл саяхат - олардың көпжылдық еңбегіне алғыс білдіру.
Қызметкерлерді ынталандыру бағдарламасына сәйкес, компанияда он жыл еңбек еткен әрбір қызметкер Франция астанасына жолдама алады. Бұл мүмкіндік барлық жұмысшыларға, инженерлер мен менеджерлерге беріледі. Сапардың бар шығынын компания өз мойнына алады.
Бес күн ішінде қызметкерлер Париждің көрікті жерлерін аралап, Монмартрға, Лувр музейіне және әйгілі бақтары бар Версаль сарайына барды. Сапар қорытындысына Сена өзенін кешіп өтіп, круизде кешкі ас ұйымдастырылды. Көпшілігі әлемдегі танымал туристік қалаға бірінші рет келіп, армандары орындалды.

«Мен Парижге баруды бес жасымнан бері армандадым. 90-жылдары анама "бір күні саған осы қаланы көрсетемін" деп уәде берген едім. BI Group-та нысан менеджері болып бастап, директор лауазымына дейін өстім, осы жолымдағы әр сынақ мені осы жерге жетелегенін түсіндім. Бүгін анам жанымда, біз Париждеміз, арманым орындалды», – дейді кепілдік қызмет көрсету басқармасының директоры Дулат Шәупкелов.
Сапарластар қатарында кәсіби жолы компанияның дамуымен тығыз байланысты қызметкерлер бар. Мәселен, BI Architect компаниясының қызметкері Ислам Жұмағұлов тағылымгер болып келіп, бас инженер лауазымына дейін өсті, «Болашақ» бағдарламасы бойынша Англияда білім алды. Өндірістік менеджер әрі «Құрметті құрылысшы» атағының иегері Аягөз Бақтыбаева өндірістік-техникалық бөлімді басқарып, EXPO 2017 сияқты маңызды жобаларда еңбек етті. Ал Industrial & Energy техникалық директоры Ербол Тәтембаев шебер қызметінен бастаған, қазір еліміздегі күрделі өнеркәсіптік нысандардың басшысы.

Дәстүрлі түрде күз айларында тағы бір мотивациялық сапар ұйымдастырылады. BI Group-та 20 жыл еңбек еткен мамандар компания атынан АҚШ-қа барып, Нью-Йорк пен Майами қалаларын аралайды.
Қызметкерлердің көпжылдық еңбек өтілін елеп-ескеру - BI Group-тың корпоративтік жүйесінің ажырамаc бөлігі. Холдинг жыл сайын командасының білімін күшейтуге 2 млрд теңгеден астам қаржы бөледі, шамамен 7 мың қызметкер біліктілігін арттырады, ал үздік мамандар Harvard, Stanford, Oxford және London Business School секілді әлемнің жетекші университеттерінде білім алады. Бүгінде бұл оқу орындарының түлектері атанған қызметкерлер саны 40-тан асты.

Корпоративтік бастамалардың қатарында инженерлік-техникалық қызметкерлерге алғашқы баспанасын сатып алуға көмектесетін BI Baqyt тұрғын үй бағдарламасы да бар. Тұрғын үй жағдайын жақсартқысы келетіндер үшін BI Baqyt Trade In бағдарламасы жұмыс істейді. Алдағы бес жыл ішінде компания жеңілдетілген шарттармен 1 700 пәтер ұсынуды жоспарлап отыр.