Freedom Inside '26

Бес қалада Ashyq жобасына қатыспайтын барлық мекеме қызметін тоқтатады

Бес қалада Ashyq жобасына қатыспайтын барлық мекеме қызметін тоқтатады


Қазақстан аумағында коронавирус инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Атырау, Қарағанды қалаларында карантин шараларын күшейту туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Ashyq жобасына қатыспайтын барлық кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметі тоқтатылады 

Ведомствоаралық комиссия елдегі тәуліктік сырқаттанушылықтың 65%-ын және тәуліктік өлім-жітім жағдайларының 55%-ын құрайтын Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Атырау, Қарағанды қалаларында карантин шараларын күшейту туралы шешім қабылдады.

«Бұл өңірлерде биылғы жылдың 2 тамызынан бастап мынадай шектеу шаралары күшіне енеді:

орталық мемлекеттік органдарды, әкімдіктерді, құқық қорғау органдарын, денсаулық сақтау ұйымдарын, БАҚ-ты, азық-түлік дүкендерін, дәріханаларды және тіршілікті қамтамасыз ету ұйымдарын қоспағанда, Ashyq жобасына қатыспайтын барлық кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметін тоқтата тұру;

ойын-сауық, спорттық, отбасылық, естелік және өзге де бұқаралық іс-шараларды өткізуге тыйым салу;

мемлекеттік органдар, кеңселер, ұлттық компаниялар мен өзге де ұйымдар қызметкерлерінің 80%-ын қашықтан жұмыс істеуге ауыстыру (вакцина салдырғандарды және соңғы 3 ай ішінде ауырып жазылғандарды қоспағанда)», делінген хабарламада.