Белгілі асаба Дамир Мырзагереев Тасмағамбетовтер әулетінде өткен мерекелік шараны жүргізгенін әлеуметтік желідегі парақшасында көрсетті, деп хабарлайды ult.kz.
Ол Instagram-дағы парақшасына кештен түсірілген кадрларды жариялап, бұл қуанышты шараны жүргізу өзіне бұйырғанын жазды.
«Тасмағамбетовтер әулетіндегі кезекті қуанышты маған жүргізу бұйырған екен. Приколды тек іштей айтып жүргіздім. Осында тұрсын», – деп жазды асаба.
Жарияланымнан кейін желі қолданушылары шараға қызығушылық танытып, түрлі пікір қалдырған.
Алайда Дамир Мырзагереев бұл жиынның нақты қандай қуанышқа орай ұйымдастырылғанын және Тасмағамбетовтер әулетінде кімнің тойы болғанын ашып айтпаған.