Freedom Inside '26

“Бекет атаға” бара жатып жоғалған 3 адам туралы тың дерек шықты

“Бекет атаға” бара жатып жоғалған 3 адам туралы тың дерек шықты
Коллаж: dalanews.kz

5 шілдеде Маңғыстау облысында хабарсыз кеткен үш адам аман-есен табылды, деп хабарлайды ult.kz.

Туыстарының желіде таратқан ақпаратына сүйенсек, жолаушылар Қыдырша ата басына барған кезде көліктері сорға батып қалған. Соның салдарынан олар амалсыздан Бейнеу ауылына дейінгі 35 шақырым жолды екі күн бойы жаяу жүріп өткен.

Еске салайық, 2 шілдеде 34 жастағы Қанатбек Жұбатқанов, 30 жастағы Ақмарал Бисенова және 20 жастағы Мархабат Бисенова «Great Wall» көлігімен жолға шыққан болатын. Олар қасиетті орындардан туыстарына видео жіберген соң байланыс мүлдем үзілген еді.

Үш күнге созылған ауқымды іздестіру операциясына полиция, ТЖД құтқарушылары, арнайы техника мен тікұшақтар жұмылдырылды.