Бекболат Тілеухан қайта ән айтып көзге түсті

Бекболат Тілеухан қайта ән айтып көзге түсті
Фото: видеодан кадр

Бірнеше жыл саясат саласында жүрген Бекболат Тілеуханның өнерге қайта бет бұрғаны байқалады. Бұған дейін көпшілік алдында сирек көрінген экс-депутат жақында қолына домбыра алып, терме орындаған, деп хабарлайды ult.kz.

Әлеуметтік желіде оның отырыс кезінде қара домбырамен терең мағыналы терме айтқан видеосы тарады. Бейнежазбаны көрген жұртшылық оның жыраулық өнерге қайта оралғанына қуанышты екенін жазды.

Көп ұзамай Бекболат Тілеуханның үлкен тойда ән айтып тұрған тағы бір видеосы жарияланды. Бұл жолы ол сахнада өнер көрсетіп, жиынға келген көпшіліктің назарын аударған.

Екі бейнежазба да әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр. Кей қолданушылар оның жанды дауыста ән айтып, домбыра тартқанын сағынғанын білдірсе, енді бірі экс-депутаттың той сахнасында қайта көрінгеніне таңданысын жеткізген.