Бауыржан Әли BoxRec рейтингінде үздік ондыққа енді

Бауыржан Әли BoxRec рейтингінде үздік ондыққа енді
Жамбыл облысының бокс федерациясының мұрағатынан

Қазақстандық боксшы Бауыржан Әли халықаралық BoxRec рейтингінде өз салмақ дәрежесі бойынша 9-орынға көтерілді, деп хабарлайды ult.kz.

Бауыржан Әли – Қазақстан Республикасы ІІМ Бәрімбек Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының 4-курс курсанты, полиция сержанты. Ол Жамбыл облысы Полиция департаментінің «Арлан» спорт клубының намысын қорғайды.

Фото: Жамбыл облысының бокс федерациясының мұрағатынан

Боксшы Қазақстан Республикасының спорт шебері атанған. Жасөспірімдер мен жастар арасында екі рет Қазақстан чемпионы болып, Азия чемпионаты мен Әлем кубогында жүлдеге ие болған. Кәсіпқой бокста да өнер көрсетіп жүр.

BoxRec рейтингіндегі 9-орын Бауыржан Әлидің кәсіпқой бокстағы нәтижелерінің халықаралық деңгейде бағаланып отырғанын көрсетеді. Спорттағы жетістіктері үшін ол «Қазақстан Республикасының құрметті спорт қызметкері» төсбелгісімен және ҚР Спорт және туризм министрінің Құрмет грамотасымен марапатталған.

Бауыржан Әли оқуын полиция қызметімен және кәсіби спортпен қатар алып келе жатқан жас спортшылардың бірі.