Батыс Қазақстанда үш жеңіл көлік қар құрсауында қалды

Батыс Қазақстанда үш жеңіл көлік қар құрсауында қалды

Батыс Қазақстан облысында үш жеңіл көлік қар құрсауында қалды, деп хабарлайды  "Ұлт ақпарат".

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, оқиға 5 наурыз күні Қаратөбе ауданында болды.

Қаратөбе-Қалдығайты тас жолында Қаратөбе ауылынан 22 шақырым жерде үш жеңіл көлік қар құрсауынан шыға алмай, қалып қойған.

Сағат 04.00-де ТЖД күшімен (5 қызметкер, 1 техника) жеңіл көліктердегі 11 адам Қаратөбе ауылына эвакуацияланды. 11 адамның біреуі – бала. Олар медициналық көмекті қажетсінбеді. 

БҚО ТЖ департаменті бүгін республикалық маңызы бар Самара-Шымкент жолының ашық, ал Орал-Тасқала-РФ шекарасы трассасы жабық екендігін жеткізді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда балалар мінген 2 мектеп автобусы қар құрсауында қалғанын, БҚО трассасында жүк көлігінің тіркемесі жанып кеткенінжазған болатынбыз.