Батыс Қазақстанда боранға байланысты барлық жолдар жабылды

Батыс Қазақстанда боранға байланысты барлық жолдар жабылды

Батыс Қазақстан облысында боранға байланысты барлық бағыттағы жолдар жабылды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

БҚО ТЖ департаментінен түскен мәліметке қарағанда, жергілікті сағат 19.00-ден бастап осындай шешім қабылданған.

Алдымен бүгін республикалық маңызы бар Орал-Тасқала-РФ шекарасы бағытында қозғалысқа шектеу қойылса, содан кейін Тасқала-Аққурай-Болашақ, Орал-Кирсанов, Чапаев-Жалпақтал-Қазталов-Жәнібек-РФ шекарасы, Өнеге-Бисен-Сайқын және басқа да жолдар түгел жабылды.

Өңірде қатты боранға қоса жолдарда көктайғақ орын алып отыр.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да ауа райына байланысты ескерту жарияланғанын жазған болатынбыз.