«Басқа қызды екіқабат қылған болуы мүмкін»: Қайрат Нұртасқа қатысты жаға ұстатарлық дерек шықты

«Басқа қызды екіқабат қылған болуы мүмкін»: Қайрат Нұртасқа қатысты жаға ұстатарлық дерек шықты
Фото: әлеуметтік желі

TikTok желісінде өзін психолог Бибігүл деп таныстырған қолданушы әнші Қайрат Нұртас пен оның жұбайы Жұлдыз Әбдікәрімова туралы пікір білдіріп көпшіліктің назарын аударды, деп хабарлайды ult.kz.

Ол карта арқылы болжам жасап, әншінің отбасылық өміріне қатысты өз ойын жеткізген. Айтуынша, Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімованың арасында белгілі бір түсініспеушіліктер болуы мүмкін.

Сондай-ақ, блогер әншінің өмірінде жасырын оқиғалар болғанын алға тартып, басқа әйелден баласы болуы ықтимал деген жорамалын айтқан.

Алайда бұл мәлімдемелер нақты деректермен расталмаған. Желі қолданушыларының бір бөлігі мұндай болжамдарды сынға алса, енді бірі түрлі пікір қалдырған.

Айта кетейік, аталған ақпарат әлеуметтік желідегі жеке пікірлер мен болжамдарға негізделген. Ресми түрде расталған мәлімет жоқ.