Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл

Баспана кезегіндегі 52 мың адам тізімнен сызылды: «Отбасы банк» себебін түсіндірді

Баспана кезегіндегі 52 мың адам тізімнен сызылды: «Отбасы банк» себебін түсіндірді
syrboyi.kz

Қазақстанда 52 535 азамат тұрғын үйге мұқтаждар тізімінен шығарылды. Бұған олардың меншігінде баспананың болуы себеп болған, деп хабарлайды ult.kz.

«Отбасы банк» баспасөз қызметінің мәліметінше, банк мамандары тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтардың деректеріне кешенді түгендеу жүргізген. Қыркүйек айында «Тұрғын үй қатынастары туралы» заңға енгізілген өзгерістер күшіне енгеннен кейін банк азаматтардың дербес деректерін жинау және өңдеу үшін жеке келісім алу міндетінен босатылған.

Тексеру нәтижесінде жеке меншігінде тұрғын үйі бар және заңда белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін азаматтар анықталған.

«Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде меншік құқығында тұрғын үйі болуына байланысты заңнамада белгіленген тұрғын үйге мұқтаж деп тану өлшемшарттарына сәйкес келмейтін азаматтар анықталды. Нәтижесінде жеке меншік құқығында тұрғын үйі бар 52 535 азамат тұрғын үйге мұқтаждар есебінен шығарылды», – делінген банк хабарламасында.

«Отбасы банк» ортақ бірлескен меншік құқығында баспанасы бар азаматтардың мәліметтерін тексеру жұмыстары жалғасатынын ескертті. Егер оларды кезектен шығаруға заңды негіздер анықталса, тиісті шешім қабылданады.