Абай облысында TikTok желісінде тікелей эфирге шығып, былапыт сөздер айтқан 53 жастағы әйел психикалық денсаулық орталығына мәжбүрлі түрде жатқызылды. Ол онда үш ай ем қабылдайды, деп хабарлайды ult.kz.
Полиция мәліметінше, әйелдің жеке басы анықталған. Ол тамыз айында да осындай құқық бұзушылық жасағаны үшін сот оған әкімшілік қамаққа алу жазасын тағайындаған.
Бұл жолы полицейлер әйелдің үйіне жедел жәрдем қызметкерлерімен бірге барған. Сондай-ақ оның бірге тұратын азаматы тарапынан да шағым түскені белгілі болды.
Нәтижесінде әйел психикалық денсаулық орталығына үш ай мерзімге мәжбүрлі емдеуге жіберілді.