Freedom Inside '26

«Барахолка» маңындағы заңсыз сауда: Алматыда жүздеген нысан сүрілді

«Барахолка» маңындағы заңсыз сауда: Алматыда жүздеген нысан сүрілді
Informburo.kz

Алматыда жыл басынан бері заңсыз сауда жүргізілген 45 орын анықталды. Қалалық әкімдіктің мәліметінше, бұл нүктелерде 1211 адам саудамен айналысқан, деп хабарлайды ult.kz.

Қазірге дейін олардың 27-сі жойылды. Қалған сауда орындарының басым бөлігі ірі базарлардың маңында, соның ішінде «Барахолка» аумағында орналасқан.

Әкімдік мәліметінше, мемлекет меншігіндегі жерлерде орналасқан 516 заңсыз сауда нысаны анықталып, оның 413-і сүрілген. Қалған 103 нысан бойынша тиісті жұмыстар жалғасып жатыр. Сонымен қатар жеке меншік аумақтардағы 1093 нысанға мониторинг жүргізілген.

Қала билігі проблемалық аумақтардағы бақылауды күшейтіп, заңсыз нысандарды бұзу жұмыстарын жалғастырып жатқанын мәлімдеді.