Бангкоктағы Азия чемпионаты: Қазақстан қоржынында 22 медаль бар

Бангкоктағы Азия чемпионаты: Қазақстан қоржынында 22 медаль бар
Фото: Olympic.kz

«Qazaq Aquatics» РҚБ қолдауымен Қазақстан Республикасының Су спорты түрлерінен Ұлттық құрама командалары Бангкокта     (Таиланд) өтіп жатқан 12-ші Азия чемпионатында табысты өнер көрсетуді жалғастырып жатыр. Команда суға секіруден (6 медаль: 1 алтын, 3 күміс, 2 қола) және жүзуден (16 медаль: 6 алтын, 7 күміс, 3 қола) төбе көрсетіп, айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізді. Осылайша, Александр Подлесный суға секіруден алтын мен екі күміс медаль жеңсе, Александр Румынский елге 3 бірдей алтын әкеліп, жарыстың рекордын жаңартты. Алда су добы мен әртістік жүзу бағыттары бойынша турнирлер бар, деп хабарлайды Ult.kz.

Еске сала кетейік, құрлықтық додада ел намысын 111 спортшы қорғайды. Су спорты бойынша Азия чемпионаты 2026 жылдың 16-25 шілде аралығында өтеді.

Жүзу

Жүзу жарысында қазақстандық құрама жеке және эстафеталық бағыт бойынша бірқатар жетістікке қол жеткізді.

1-күннің нәтижелері:

  • 🥇 1-і орын: Данил Чужинов - 200 м кешенді жүзі (A тобы)
  • 🥉 3-і орын: Фёдор Диденко - 400 м еркін стиль (Халықаралық дәрежедегі спорт шебері нормативін орындады)
  • 🥉 3-і орын: Қазақстанның ерлер құрамасы - эстафета 4×100 м еркін стиль

2-ші күннің нәтижелері:

  • 🥈 2-і орын: Александр Миронычев - 50 м баттерфляй (B тобы)
  • 🥇 1-і орын: Александр Румынский - 100 м арқамен жүзу (A тобы)

3-і күннің нәтижелері:

  • 🥈 2-орын: Дарья Чеснокова - 50 м арқамен жүзу (A тобы)
  • 🥈 2-і орын: Фёдор Диденко - 800 м еркін стиль (A тобы)
  • 🥇 1-і орын: Қазақстанның ерлер құрамасы – құрама эстафетасы 4×100 м (A тобы)
  • 🥈 2-ші орын: Қазақстанның ерлер құрамасы - эстафета 4×100 м құрама жүзу (B тобы)

4-ші күннің нәтижелері:

  • 🥇 1-і орын: Александр Румынский - 200 м арқамен жүзу (жарыс рекордын орнатты)
  • 🥇 1-і орын: Анатолий Руденко - 100 м брасс (B тобы)
  • 🥈 2-і орын: Қазақстанның ерлер құрамасы - эстафета 4×200 м еркін стиль (A тобы)

5-ші күннің нәтижелері:

  • 🥇 1-і орын:  Анатолий Руденко - 50 м брасс (B тобы)
  • 🥈 2-і орын: Александр Миронычев - 50 м еркін стиль (B тобы)
  • 🥈 2-і орын: Қазақстан құрамасы – құрама аралас эстафетасы 4×100 м (A тобы)
  • 🥉 3-і орын: Данил Чужинов - 200 м құрама жүзу (A тобы)

 

Жалпы көрсеткіш: 16 медаль (6 алтын, 7 күміс, 3 қола).

Жүзуден жоғары көрсеткіш иелері:

  • 4-і орын: Александр Миронычев (100 м баттерфляй), Айжан Туребаева (100 м және 50 м баттерфляй, A тобы), Дарья Чеснокова (100 м арқамен жүзу, A тобы), Маргарита Зайцева (50 м арқамен жүзу, C тобы; 4×100 м құрама эстафетасы, C тобы), Эстафета 4×100 м еркін стиль (ерлер, B тобы; әйелдер, C тобы); Таийсия Короткова (400м құрама жүзу); Тамара Устьянцева (50м брасс); аралас құрама жүзу эстафетасы 4×100м, B тобы.
  • 5-і орын: Фёдор Диденко (400 м еркін стиль, A тобы), Маргарита Зайцева (100 м арқамен жүзу, C тобы), Анатолий Руденко (200 м брасс, B тобы), Абылай Амандыков (100 м арқамен жүзу, B тобы), Аиша Курмангали (400 м еркін стиль, C тобы), аралас эстафета 4×100 м еркін стиль (A тобы), Әйелдер құрама эстафетасы 4×100 м (A тобы); Яна Лукьянчикова (50 м еркін стиль, А тобы), Анна Пупко (50 м брасс, В тобы)
  • 6-ы орын: Амина Ергали (100 м и 50 м арқамен жүзу, B тобы), Ульяна Черепанова (200 м брасс, C тобы), Таийсия Короткова (200 м құрама жүзу, B тобы), Егор Демков (50 м еркін стиль, А тобы); Ульяна Черепанова (50 м брасс, С тобы).
  • 7-і орын: Даниил Чужинов (100 м арқамен жүзу, A тобы), Аргын Борамбаев (200 м брасс, C тобы), Дария Токтобаева (200 м құрама жүзу); Аиша Курмангали (200 м еркін стиль, C тобы); Евгений Ялунин (50 м еркін стиль, B тобы), Алиса Блеко (50 м брасс, С тобы).

 

Суға секіру

Қазақстандық суға секірушілер құраманың жалпы табысына айтарлықтай үлес қосып, жас санаттары бойынша Азия Чемпионатын 6 медальмен аяқтады:

  • 🥇 1-і орын: Александр Подлесный – 1 метрлік трамплиннен суға секіру
  • 🥈 2-і орын: Александр Подлесный – мұнарадан суға секіру, B тобы
  • 🥈 2-і орын: Александр Подлесный – 3 метрлік трамплиннен суға секіру, B тобы
  • 🥈 2-і орын: Эмиль Касимов және Илларион Авченко – 3 метрлік мұнарадан синхронды суға секіру, А тобы
  • 🥉 3-і орын: Тимур Гассюль – мұнарадан суға секіру, С тобы
  • 🥉 3-і орын: Эмиль Касимов – мұнарадан суға секіру, А тобы.

9 спортшы мен 2 жаттықтырушыдан құралған құрама ел намысын 3 жас санаты (A,B,C) бойынша қорғады.

Жалпы көрсеткіш: 6 медаль (1 алтын, 3 күміс, 2 қола).

 

Су добы

Су добы турниріндегі тартысты доданың тамаша жетістіктері:

Ерлер құрамасы (плей-офф кезеңіне шығу):

Ерлер командасы төрт бірдей жеңіске қол жеткізіп, плей-офф кезеңіне жолдама алып топтық кезеңді қорытындылады. Жапониямен тартысты өткен ойында біздің құрама қарсыласынан бар жоғы екі доп есе жіберіп, ақтық сиренаға дейін лайықты өнер көрсете білді.

  • 🇰🇿 Казахстан - 🇭🇰 Гонконг: 23 : 3
  • 🇰🇿 Казахстан - 🇱🇰 Шри-Ланка: 32 : 2
  • 🇰🇿 Казахстан - 🇹🇭 Таиланд: 22 : 2
  • 🇰🇿 Казахстан - 🇯🇵 Япония: 12 : 14
  • 🇰🇿 Казахстан - 🇮🇷 Иран: 11 : 5

Әйелдер құрамасы (айналмалы жүйе):

Әйелдер ұлттық командасы айналмалы турнирде өнер көрсетуді жалғастырып жатыр. Қазақстандық су добы бағыты бойынша өнер көрсететін спортшылар Сингапур мен Шри-Ланка құрамаларынан басым озып, Жапония мен Таиландқа қарсы кездесулер өткізді. 

  • 🇰🇿 Казахстан - 🇯🇵 Япония: 8 : 19
  • 🇰🇿 Казахстан - 🇹🇭 Таиланд: 6 : 9
  • 🇰🇿 Казахстан - 🇸🇬 Сингапур: 21 : 7
  • 🇰🇿 Казахстан - 🇱🇰 Шри-Ланка: 25 : 2
  • 🇰🇿 Казахстан - 🇨🇳 Китай: 7 : 15

Еске салайық, Өзбекстан құрамасына қарсы айналмалы матч 23 шілде қазақстандық уақытпен сағат 09:00-де өтеді.