Балқашта жұмысшының қолын станок тартып кетті

Балқашта жұмысшының қолын станок тартып кетті
instagram.com/dalatv_09

Балқашта өндіріс орнында 47 жастағы жұмысшы ауыр жарақат алды. Оқиға «Монтажник-ЭМ» ЖШС-нің өндірістік бөлімшесінде токарьлық жұмыс кезінде болған, деп хабарлайды ult.kz.

Балқашта жұмысшының қолын станок тартып кетті

Балқашта өндіріс орнында 47 жастағы жұмысшы ауыр жарақат алды. Оқиға «Монтажник-ЭМ» ЖШС-нің өндірістік бөлімшесінде токарьлық жұмыс кезінде болған.

Алдын ала мәлімет бойынша, жұмысшы білікті наждак қағазымен тегістеп жатқан кезде оның оң қолын станок тартып кеткен. Зардап шеккен азамат Балқаш қаласының орталық ауруханасына жеткізілді.

Дәрігерлер оның жағдайын орташа ауыр, бірақ тұрақты деп бағалап отыр. Науқастың санасы анық, дәрігерлермен байланыста. Оған операция жасалған.

Оқиғаға байланысты арнайы тергеу комиссиясы құрылды. Қазір жазатайым оқиғаның себептері мен мән-жайы, сондай-ақ өндірісте еңбек қауіпсіздігі талаптарының сақталуы тексеріліп жатыр.

Түпкілікті қорытынды арнайы тергеу аяқталғаннан кейін белгілі болады.

Айта кетейік, бұған дейін жыл басынан бері өндірісте 727 жұмысшының зардап шеккені хабарланған еді.