Threads әлеуметтік желісінде кішкентай баланы ернінен сүйген әйел бейнеленген видео тарады. Бұл туралы Астана қаласының полициясы мәлімдеді, деп хабарлайды ult.kz.
Полицияның мәліметінше, видеодағы әйел 23 жастағы баланың анасының құрбысы болып шыққан. Қазір оның әрекетіне қатысты тексеру жүргізіліп, құқықтық баға берілмек.
Ал баланы видеоға түсірген анасы бала тәрбиесі мен қауіпсіздігі жөніндегі міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған.