Балаларды қағып, тоқтамай қашып кеткен: Алматы облысында 65 жастағы жүргізуші ұсталды

Балаларды қағып, тоқтамай қашып кеткен: Алматы облысында 65 жастағы жүргізуші ұсталды
Astana TV

Алматы облысында екі баланы көлігімен қағып, оқиға орнынан қашып кеткен 65 жастағы жүргізуші ұсталды, деп хабарлайды ult.kz.

Оқиға Абай ауылында болған. Балалардың бірінің әкесінің айтуынша, екі жеткіншек дүкен маңында балмұздақ жеп отырған. Сол сәтте оларды Cobalt көлігі қағып кеткен. Жүргізуші көлігін тоқтатпастан, оқиға орнынан кетіп қалған.

Жол-көлік оқиғасынан зардап шеккен екі бала ауруханаға жеткізіліп, оларға ота жасалған.

Алматы облысының полиция департаменті аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады.

Полиция мәліметінше, жол-көлік оқиғасынан кейін оқиға орнынан қашып кеткен 65 жастағы жүргізуші ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған.

Қазір оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.