Продюсер Бағым Мұхитденова әнші Мөлдір Әуелбековаға жауап беріп, оған қатысты бірқатар мәлімдеме жасады, деп хабарлайды ult.kz.
Бағым Мұхитденова Instagram парақшасында Мөлдір Әуелбекованы есімін атамай, «шәкіртім» деп атаған.
«Үнсіздікті әлсіздік деп қабылдап жүрген “шәкіртім”, ақылға тоқтайтын жасқа жетсең де, басқа сыймайтын әрекет жасап, артық сөз сөйлеуді қоймапсың», – деп жазды продюсер.
Ол Мөлдір Әуелбековаға қазақ сахнасына жол ашқанын еске салып, әншінің «бәріне өз күшіммен жеттім» деген ұстанымын сынға алған.
«Құдайға шүкір айтып отырып, сол құдайдың «жақсылық жасаған адамға алғыс айт» деген аманатының орнына «бәлесінен аулақ» деуің дұрыс па? Қазақ сахнасына есік ашып бергенімді ұмытып, «бәріне өз күшіммен жеттім» деуің дұрыс па? Адал асымды ішіп, шаңырағымда тұрып, бетіме күліп, артымнан сатқындық жасағаның дұрыс па? Күйеуімнің назарын ғана емес, ұлым екеумізге тиесілі қаражатын алып қойғаның дұрыс па? «Алдыңа келсе, атаңның құнын кеш» деген халықпыз, мен бәрін кештім, сол сәтте қайтадан құйтырқы мінезіңді көрсетуің дұрыс па? Жылдар бойы өз жарамды өзім таңып, үндемей, іштей жылап қана келемін. Менің күйімді біле тұра, өзіңді құрбан қып көрсетуің дұрыс па? Тәубә мен тәрбиені тілге тиек етсең, ендігәрі біз жаққа қарап сөйлеме. Сонда мен де жұмған аузымды ашпаймын. Дәл осы ән сені Елге танытты, атақ әкелді, әлі күнге дейін табыс әкеліп отыр. Сондықтан, қайдан шыққаныңды, кімнің арқасында танылғаныңды ұмытпа…», – деп жазды Бағым Мұхитденова.
Айта кетейік, Бағым Мұхитденова мен Мөлдір Әуелбекованың арасындағы бұрынғы қарым-қатынасқа қатысты әңгіме бұған дейін де ақпарат құралдарында талқыланған.