Танымал әнші Revue News басылымына берген сұхбатында арада жанжалға қатысты алғаш рет пікір білдірді, деп хабарлайды ult.kz.
Өнер иесі бұл тақырыпты қайта қозғағысы келмейтінін айтқанымен, бұған дейін айтылған ақпараттың шындыққа жанасатынын жеткізді. Сондай-ақ өзінің психологиялық тұрғыда ем қабылдап жүргенін де жасырмады.
«Мен бұл сұраққа жауап бергім келмейді. Баян Мақсатқызы қалай айтса, тура солай болды. Ол рас. Мен өте ұзақ уақыттан бері емделіп жүргенімді айтқым келмейді. Мені емдеп жазады деп үміттенемін», – деді әнші.
Сұхбаттан кейін әлеуметтік желі қолданушылары түрлі пікір білдірді. Бірі әншінің сөзін қолдап, сауығып кетуіне тілектестік танытса, енді бірі болған оқиғаға күмәнмен қарады.
«Бағым байын біреуге беріп қоятын қатын емес қой», «Өтірік қой», «Не болды сонша? Жауап бергілерің келмесе, неге жаясыңдар оны?», «Ауырып жүрген адамға ұқсамайды», – деп жазды желі қолданушылары.
Айта кетейік, соңғы уақытта Бағым Мақсатқызы мен әнші арасындағы қарым-қатынасқа қатысты түрлі әңгімелер әлеуметтік желіде жиі талқыланып келеді. Алайда тараптар оқиғаның барлық мән-жайын толық жариялаған жоқ.