Азамат Есқараев Әділет министрі қызметінен босатылды

Азамат Есқараев Әділет министрі қызметінен босатылды

Фото: Виктор Федюнин/ Kazinform


Ақорда Азамат Есқараевтың Әділет министрі қызметінен босатылғанын хабарлады.


- Мемлекет басшысының Жарлығымен Азамат Несіпбайұлы Есқараев Қазақстан Республикасының Әділет министрі лауазымынан босатылды, - деп жазылған ресми мәлімдемеде.


Айта кетейік, Азамат Несіпбайұлы жылдың басында Әділет министрі лауазымына қайта тағайындалған болатын.