Айсұлтан Сейітов түсірген клип MTV Video Music Awards сыйлығына ұсынылды

Айсұлтан Сейітов түсірген клип MTV Video Music Awards сыйлығына ұсынылды

Қазақстандық режиссер Айсұлтан Сейітовтің клипі MTV Video Music Awards сыйлығына ұсынылды. Бұл туралы ол өзінің Instagram-stories-інде мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Айсұлтан Сейітов америкалық рэп орындаушылары 21 Savage бен J. Cole-дің «A lot» әніне видео түсірді. Клип «Жылдың үздік видеосы» аталымына ұсынылды.

Сондай-ақ, дәл осындай аталымда Billie Eilish «Bad Guy» әнімен, Ariana Grande - «Thank u, next», Jonas Brothers - «Sucker», Lil Nas X және Billy Ray Cyrus – «Old Town Road» (Remix) және Taylor Swift - «You Need to Calm Down» әндерімен сынға түсетін болады.


«A lot» клипінің түсірілімі осы жылдың қаңтар айында Атлантада өткен.

MTV Video Music Awards 2019 сыйлығының марапаттау рәсімі 26 тамызда Нью-Джерсиде өтеді. Осымен 36-рет өтіп отырған жыл сайынғы шоу тікелей эфирден көрсетіледі деп күтілуде.

Айсұлтан Сейітов – қазақстандық режиссер, клипмейкер. Нью-Йорк кино академиясында «Режиссура» бағыты бойынша білім алған. «Hype Production» продакшн-компаниясымен бірге жұмыс істейді.