Freedom Inside '26

Әуежайдан қалаға дейін – 150 доллар: Алматыда такси жүргізушісі жауапқа тартылды

Әуежайдан қалаға дейін – 150 доллар: Алматыда такси жүргізушісі жауапқа тартылды
Астанада биыл жүргізушісіз такси іске қосылады

Алматыда такси жүргізушісі үндістандық туристерден әуежайдан қалаға дейін жеткізгені үшін 150 доллар алып, кейін заңсыз алынған қаражат полицияның араласуымен толық қайтарылды, деп хабарлайды ult.kz.

Қалалық полицияның мәліметінше, жүргізуші шетелдік қонақтарды әуежайдан қалаға жеткізгеннен кейін жолақы ретінде 150 доллар талап еткен. Бұған келіспеген туристер полициядан көмек сұраған.

Тексеру барысында тәртіп сақшылары жүргізушінің жеке басын жедел анықтап, туристерден заңсыз алынған ақшаны толық көлемде қайтарып берген.

Аталған дерек бойынша жүргізушіге қатысты әкімшілік материалдар рәсімделіп, іс заңды шешім қабылдау үшін мамандандырылған ауданаралық әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі сотқа жолданды.

Алматы полициясы жолаушыларды, әсіресе қала қонақтарын алдап, заңсыз пайда табуға бағытталған кез келген әрекет заң аясында қатаң жауапкершілікке тартылатынын ескертті.