Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл

Ауа райына байланысты бірқатар өңірде ескерту жарияланды

Ауа райына байланысты бірқатар өңірде ескерту жарияланды


«Қазгидромет» РМК 25 наурызда ауа райының бұзылуына байланысты бірқатар өңірде ескерту жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Нұр-Сұлтан қаласында оңтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с жетеді.

Қызылорда облысының солтүстігінде тұман күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың орталығында күші 15-20 м/с жетеді. 

Қостанай облысының шығысында, оңтүстігінде тұман, көктайғақ болжанады. Облыстың шығысында жаяу бұрқасын жүреді. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғып, күндіз шығыста оның екпіні 15-20 м/с артады.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман күтіледі. 

Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында жаяу бұрқасын болады. Жел батыстан, оңтүстік-батыстан соғады, түнде облыстың батысында, солтүстік-шығысында, оңтүстігінде екпіні 23 м/с күшейеді.

Күндіз Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с, күндіз басым бөлігінде күші 25 м/с артады. 

Ақтөбе облысының солтүстігінде, орталығында тұман болжанады. 

Маңғыстау облысында жауын-шашын болады. Күндіз өңірдің батысында, оңтүстігінде кей уақыттарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың батысында тұман болжанады. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, оңтүстік-шығысында екпіні 15-20 м/с артады. 

Түнде және таңертең Қарағанды облысының орталығында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз өңірдің солтүстігінде күші 15-20 м/с жетеді. 

Түнде Павлодар облысының шығысында, күндіз солтүстігінде жаяу бұрқасын, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші түнде шығыста, күндіз батыс пен солтүстікте 15-20 м/с артады. 

Ақмола облысының солтүстігінде, батысында жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күшейеді. 

Түнде Түркістан облысының батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз тау асуларында күші 15-20 м/с құрайды.

25-27 наурызда Жамбыл облысының оңтүстігінде, солтүстік-шығысында және таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Өңірдің оңтүстігінде, солтүстік-шығысында және таулы аудандарында тұман, көктайғақ болжанады. 26-27 наурызда желдің күші кей уақытта 23-28 м/с жетеді.