Атыраудан бірқатар бағытқа қатынайтын автобустар қозғалысы тоқтатылды

Атыраудан бірқатар бағытқа қатынайтын автобустар қозғалысы тоқтатылды

Атырау қаласындағы автобекеттен ауданаралық, қалааралық, халықаралық бағытқа қатынайтын автобустар тоқтатылды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Атырау автобекетінің директоры Вадим Синкеевичтің айтуынша, осы кезге дейін 6 бағытқа 14 рейс қатынаған. Енді Атырау-Астрахан, Атырау-Бейнеу, Атырау-Орал, Атырау-Мақат, Атырау-Индер, Атырау-Құлсары бағытына жолаушы тасымалдайтын автобустардың жүрісі тоқтатылды. Соңғы рейс 28 наурызда Атыраудан Мақатқа ғана жүрген. 

«Автобустардың сыйымдылығы –50 адам. Төтенше жағдай жарияланғаннан кейін жолаушылар саны 2-3 адамнан аспады» -дейді Вадим Синкеевич.