Атырауда «Сарайшық» коммуналдық базары өртенді

Атырауда «Сарайшық» коммуналдық базары өртенді

Атырауда «Сарайшық» коммуналдық базары өртенді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметіне сенсек, өрт бүгін, 16 шілде сағат 14:52-де тұтанған. 

«Нұрсая мөлтекауданы, К.Мәденов көшесінің 1 «А» мекенжайындағы «Сарайшық» коммуналдық базарының ішінде орналасқан 50 шаршы метрлік 3 азық-түлік дүңгіршегі отқа оранды. Өрт сөндірушілер оқиға орнына 6 минутта жетті. Жалын сағат 15:15-те оқшауланып, 15:51-де толық сөндірілді» деп хабарлады баспасөз қызметінен.

Оқыс оқиғадан ешкім зардап шекпеген. Қазір өрттің шығу себебі анықталып жатыр.