Атырауда оқушылардың мұғалімге жасаған «мерекелік тосынсыйынан» мектепті түтін басты

Атырауда оқушылардың мұғалімге жасаған «мерекелік тосынсыйынан» мектепті түтін басты
ашық дереккөз

Атыраудағы орта мектепте өрт дабылы іске қосылып, оқушылар мен мектеп қызметкерлері эвакуацияланды. Оқиғаға оқушылардың Мұғалімдер күніне дайындаған тосынсыйы себеп болған, деп хабарлайды ult.kz..

Оқиға 2 қазанда Авангард-2 шағын ауданындағы №19 мектепте болған. Алдын ала мәлімет бойынша, оқушылар кәдімгі конфеттиі бар хлопушка орнына түрлі түсті түтін шашкасын пайдаланған.

Соның салдарынан мектеп ішін тез арада түтін басып, оқиға орнына Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері келген. Ғимараттағы адамдар эвакуацияланды.

Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ.

Қалалық білім бөлімінің мәліметінше, оқушылар пиротехникалық бұйымды мектеп әкімшілігіне ескертпестен алып келген.

Оқиғадан кейін мектеп басшысы әкімшілік жауапкершілікке тартылған.