Атырауда күмәнді жүк тиелген дрон табылды

Атырауда күмәнді жүк тиелген дрон табылды
Polisia.kz

Атырауда Ұлттық ұлан әскери қызметшісі ішінде күмәнді зат салынған 11 пакет байланған дронды тауып алды, деп хабарлайды ult.kz.

Оқиға таңғы сағат 08:30 шамасында №15 ҚАЖ мекемесінен бір шақырымдай жерде болған. Лейтенант Мирас Исқазиев жерден ұшқышсыз ұшу аппаратын байқап, оның жанындағы түйіншекті тексерген.

Түйіншек ішінен ерекше иісі бар, өсімдік тектес жасыл зат салынған 11 пакет табылған.

Әскери қызметші бұл туралы дереу кезекші қызметке хабарлаған. Оқиға орнында қауіпсіздік шаралары қабылданып, әрі қарайғы іс-шаралар құзыретті органдарға тапсырылды.