Атырау облысының Индер ауданында жүкті әйел күйеуінің соққысынан кейін ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды ult.kz.
32 жастағы әйелдің үш баласы бар, қазір төртінші сәбиін күтіп жүр. Жәбірленушінің айтуынша, жолдасы бұған дейін де бірнеше рет оған қол көтерген. Бұл жолы әйел үйден қашып шығып, көршісінен көмек сұраған.
Атырау облысы полиция департаментінің мәліметінше, оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу басталды.
Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.