Атырауда ер адам әйелді ұрып-соқты: оқиға видеоға түсіп қалған

Атырауда ер адам әйелді ұрып-соқты: оқиға видеоға түсіп қалған
Фото: видеодан кадр

Атыраудың Нұрсая шағынауданында ер адам тұрғын үй ауласында әйелді ұрып-соққан. Оқиға сәті видеоға түсіп қалған, деп хабарлайды ult.kz.

Жағдай түнгі уақытта 21-үйдің маңында болған. Кадрлардан ер адам мен әйелдің алдымен сөзге келіп қалғанын, кейін ер адамның әйелге бірнеше рет соққы жасағанын көруге болады.

Оқиғаға куә болған адамдар да бар.

Қақтығыстың нақты неден басталғаны, әйелдің қазіргі жағдайы және оның полицияға арызданған-арызданбағаны әзірге белгісіз.