Атырауда бір тәулік бұрын жоғалған баланы іздеуге үш дрон қолданылуда

Атырауда бір тәулік бұрын жоғалған баланы іздеуге үш дрон қолданылуда

Атырауда бір тәулік бұрын жоғалған баланы іздеуге дрон қолданылуда, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Кеше Атьырау қаласындың «Жұлдыз» шағынауданындағы үйінен із-түзсіз жоғалған баланы іздеу әлі жалғасып жатыр.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, бүгін таңғы сағат 06:30-дан бері қала мен жақын маңдағы елді мекендердің 400-ге жуық тұрғыны мен еріктілері, Ұлттық ұланның 50 әскері, 20 техника мен 100-ден астам полиция қызметкері іздестіруді жүргізіп жатыр. Сондай-ақ, Төтенше жағдайлар департаментінен 16 қызметкер, 4 техника және 2 қызметтік ит тартылды. Олар шағынаудандағы 50-ден астам көшеніі жан-жақты тексеріп шықты. 

Жоғалған балақайды іздеуге барысында 3 дронмен әуеден видеобақылау жүргізілуде.