Қарағандыда жол ережесін бұзған 19 жастағы астаналық жүргізуші жауапкершіліктен жалтармақ болып, көлігінің нөмірін шешіп, оны жасырған. Алайда полицейлер оны бейнебақылау камералары арқылы анықтады, деп хабарлайды ult.kz.
Polisia.kz мәліметінше, әлеуметтік желіде тараған бейнежазбада нөмірсіз Kia Rio көлігінің бағдаршамның қызыл түсіне өткені көрінеді.
Полицейлер көліктің қозғалыс бағытын анықтап, оны жасырған жерінен тапқан. Жүргізуші нөмірлерді жауапкершіліктен қашу үшін шешіп алғанын мойындаған.
Оған қатысты әкімшілік хаттамалар толтырылып, көлік айыптұраққа қойылды. Жүргізуші көлігін қайтару үшін тиісті рәсімдерден өтіп, айыппұлдар бойынша берешегін өтеуі керек.