Атырау облысындағы Теңіз вахта кентінде өндірістік қалдық жанып жатыр

Атырау облысындағы Теңіз вахта кентінде өндірістік қалдық жанып жатыр


Атырау облысындағы Теңіз вахталық кентінде өндірістік қалдық жанып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, өрт бүгін, 1 наурызда жергілікті сағат 16:40-та тұтанған. 

«Жылыой ауданындағы Теңіз вахталық кентіндегі ашық алаңда өндірістік қалдық жанып жатыр. «Теңізшевройл» ЖШС өрт сөндіру және апаттық қызметінің мәліметінше, өрт тұтанған аумақтың ауданы - 200 шаршы метр. Жалынды сөндіруге «Теңізшевройлдың» өрт сөндіру және апаттық қызметінен 17 қызметкер мен 4 техника, «COCR» ЖШС-нен 6 қызметкер мен 2 қызметкер жұмылдырылған», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен.

Оқиға орнына бару үшін Жылыой аудандық төтенше жағдайлар бөлімінен 10 қызметкер мен 2 техника жолға шықты. 

Аудан орталығы – Құлсары қаласы мен Теңіз вахталық кентінің аралығындағы қашықтық - 90 шақырым.