Атырау облысында жаяу жүргіншілер көпірінен құлаған әйел қаза тапты, деп хабарлайды ult.kz.
Ақ Жайық басылымының жазуынша, қайғылы оқиға 22 мамыр күні Мақат ауданында болған. Бейресми мәлімет бойынша, түскі уақытта 68 жастағы әйел Мақат кенті мен Бәйгетөбе ауылын байланыстырып тұрған жаяу жүргіншілер көпірінен құлап кеткен.
Оқиға орнына жедел жәрдем қызметі шұғыл жеткенімен, әйелді аман алып қалу мүмкін болмаған.
Қазіргі уақытта оқиғаның нақты себептері анықталып жатыр. Атырау облыстық полиция департаменті әзірге ресми мәлімдеме жасаған жоқ.