Атырау облысында бір тәулікте 111 адам коронавирусқа шалдықты

Атырау облысында бір тәулікте 111 адам коронавирусқа шалдықты

Атырау облысында бір тәулікте 111 адам коронавирусқа шалдықты, деп хабарлайды Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметі.

Науқастарда қауіпті вирус ПТР-тест нәтижесінде расталған. Науқастардың арасында 29 адам Атырау қаласында тіркелген. Сондай-ақ, Теңіз кенішінде 71 жұмысшы, Құрманғазы ауданында 4, Қызылқоғада – 2, Жылыойда – 2, Индерде – 1, Исатайда – 1, Мақат ауданында 1 адамнан Сovid-19 анықталған. Короновирустың симптомды түрі 26 науқастан табылған.

«Соңғы мәліметке сәйкес, өткен тәулікте коронавирус инфекциясынан 63 адам жазылып шықты. Қазір 166 адам үй жағдайында емделуді жалғастыруда. Облыстық инфекциялық стационарда 103, аудандардағы стационарларда - 41, ал, Теңіз кенішіндегі стационарда 848 адам емделіп жатыр», - деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырауда көпшілік іс-шараны өткізуге тыйым салынып, Теңіз кенішінде карантиндік шектеулер ұзартылған болатын.