Атырау облысы Қызылқоға ауданы әкімінің орынбасары Ерболат Иғали жол-көлік оқиғасынан көз жұмды, деп хабарлайды ult.kz.
Алдын ала мәлімет бойынша, қайғылы оқиға 26 мамыр күні таңертең қызметтік көлікпен жұмысқа бара жатқан кезде болған. Тасжолда көлік аударылып кеткен.
Салдарынан 45 жастағы шенеунік оқиға орнында қаза тапқан. Облыс әкімдігі ақпаратты растады.
Белгілі болғандай, көлік жүргізушісі аман қалған.
Марқұмның артында бес баласы қалған.