13 маусым күні сағат 10:00 шамасында Атырау – Индер автожолында жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлайды ult.kz Ақ Жайық сайтына сілтеме жасап.
Оқиға Индер ауданына қарасты Бөдене ауылының маңында орын алған.
Алдын ала мәлімет бойынша, Toyota Alphard маркалы автокөлік аударылып қалған. Оқиғаға қатысты әзірге ресми ақпарат жарияланған жоқ.
Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің түсініктемесі күтілуде.