«Ата-анамен бірге тұрсаң, жеке шекара болмайды»: бөлек кеткен жігіттің пікірі желіде қызу талқыланды

«Ата-анамен бірге тұрсаң, жеке шекара болмайды»: бөлек кеткен жігіттің пікірі желіде қызу талқыланды
Фото: видеодан кадр

Әлеуметтік желіде бес жыл бойы ата-анасымен бірге тұрған ер адамның кейін әйелімен бөлек тұру туралы шешімі қызу талқыға түсті, деп хабарлайды ult.kz.

Жігіттің айтуынша, бірге тұру отбасы ішіндегі қарым-қатынасқа әсер етіп, ерлі-зайыптылар арасында түсініспеушілік туындаған. Сондықтан ол отбасылық татулықты сақтау үшін ата-анасынан бөлек шығуды шешкен.

Бұл пікір қоғамда түрлі реакция тудырды. Бірі жас отбасының жеке тұруы ерлі-зайыптылар арасындағы қарым-қатынасты нығайтып, отбасылық шекараны сақтауға көмектеседі деп қолдаса, енді бірі ата-анамен бірге тұру дәстүрін алға тартып, жігіттің шешімін сынға алды.

Жігіттің өзі бөлек шыққаннан кейін әйелімен қарым-қатынасы жақсарғанын атап өткен.

Бейне әлеуметтік желіде қызу пікірталасқа себеп болды.