Астанадағы «Нұрлы жол» вокзалы маңындағы көпірден ер адам секірген

Астанадағы «Нұрлы жол» вокзалы маңындағы көпірден ер адам секірген
видеодан скриншот

Әлеуметтік желіде Астанадағы «Нұрлы жол» вокзалы маңында ер адам өзіне қол жұмсауға әрекеттенгені туралы видео тарады, , деп хабарлайды ult.kz.

Оқиға вокзал аумағында болған. Куәгерлердің айтуынша, ер адам көпірден секіріп кеткен. Салдарынан ол ауыр жарақат алған.

Полицияның мәліметінше, зардап шеккен азамат шұғыл түрде ауруханаға жеткізілген. Қазіргі уақытта оған медициналық көмек көрсетіліп жатыр.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.